Skip to content

14/09/2016 News

VOLVO TRUCKS аса қуатты қозғалтқыштарына арналған жаңа термореттеу жүйесі

Автомобиль қозғалтқыштарын жетілдіру жарысында жанармай шығынын төмендету, сонымен қатар қозғалтқыш жүйесінің жылу және механикалық шығынын азайту маңызды рөлге ие. Экстремал жағдайда қозғалтқыш жұмысының сенімділігі жоғары болуы үшін салқындататын сұйықтық пен майдың көлемін және құрамын оңтайландыру қажет. Бұл процесс конструкцияның айтарлықтай өзгермеуінсіз мотор жанармайының тұтынуының 2%-ға дейін төмендеуіне алып келеді.

 

Шын мәнінде аса қуатты қозғалтқыштар жоғары деңгейдегі түсетін қысым-салмаққа арналған. Экстремал жағдайда 1 000 000 шқ қашықтықты басып өту қозғалтқышқа арналған стандартты жиынтыққа кіреді. Шынайы жағдайда және төмен деңгейдегі қысым-салмақ кезінде нәтижелер өзгеріп кетуі мүмкін, сондықтан салқындату жүйесі мен жағу жүйелері бейімделе алуы керек.

 

Бірінші қадам бұл:

  • модельдеу көмегімен қай компоненттердің қуаттылықтың жоғалуына ең көп ықпал ететінін анықтау;
  • шынайы жағдайда температураны өзгерту көмегімен осы механизмдерге қанша хладагент пен май керек екенін нақты түсіну;
  • салыстырмалы түрде алғанда төмен деңгейде осының алдындағы беріктік сынағының аяқталғанын растау.

Екінші қадам жаңа салқындату және майлау жүйелерін әзірлеуде жатыр. Экстремал жағдайда сенімді болу үшін жүйе арнайы калибрленеді. Осының нәтижесінде термореттеу икемділігі шын мәнінде қажеттілікке және стандартты талапқа айналды.

Бұл екіжылдамдықты салқындату сорғысының (~0,5% FE), реттелетін май термостатының (~1% FE) және реттелетін поршеньдерді салқындату жүйесінің (~0.8% FE) пайдалануына алып келді. Екіжылдамдықты желдеткіш қатар пайдаланылады.

Бұл шаралардың барлығы поршень қызуының салыстырмалы түрдегі жоғары температурасына және қозғалтқыш қызуы уақытының қысқаруына байланысты қуаттылықтың жоғалуын, қажалуды төмендетеді, HC, CO2 және қатты бөлшектердің азаюына алып келеді.

Жаңа термореттеу жүйесінің функционалдылығын, сенімділігін және ұзаққа жететінін тексеру соңғы қадам болып табылады. Сонымен қатар жүйенің қозғалтқыштың басқа бөлігіне жағымсыз әсер етпейтініне көз жеткізу керек, ол үшін жүк көліктері түрлі бағыттағы тестерден өтеді.

Ары қарай майды термореттеу жүйесі және салқындату сорғылары қолданыла береді, бірақ бұл технологиялар экстремал жағдайда қолдану үшін жеткілікті түрде берік және сенімді емес. Оның үстіне Federal-Mogul Powertrain компаниясы қымталған салқындату камерасын (EnviroKool) қолдану арқылы поршеньді салқындатудың жаңа технологиясын ұсынып отыр. Камера ішіндегі сұйықтықты тотықтырудың алдын алатын инертті газебн толтырылған.

 

Бұл технологияның көмегімен тозаңдататын бүріккішке түсетін салқындататын май ағыны май сорғысы жұмысын төмендету есебінен қозғалтқыш жұмысы тиімділігін жақсарта отырып, 50%-ға дейін қысқаруы мүмкін. Жұмыс қабілеттілігі жану температурасының және жылу энергиясының жиналу есебінен 5%-ға жақсаруы мүмкін.

Federal-Mogul Powertrain компаниясы 1400 сағаттан асатын тест өткізді. Жаппай өндіріс 2021 жылдан бері басталмайды деп күтілуде.

Бұл технологиялар температураның салыстырмалы түрдегі жоғары деңгейіне байланысты біздің жағармай материалдарымыздың дамуына белгілі бір ықпал етеді. Бұл VOLVO Powertrain-мен бірлескен өнімімізді дамытуда ескерілуі керек.