Skip to content

Смазочные материалы для цементной промышленности

TotalEnergies компаниясы өнімдерінің ішінде цемент өндірісінің карьерден зауытқа дейінгі барлық кезеңдеріне арналған жағармайлар бар. Оларды дайындау кезінде өнеркәсіптің осы саласының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, басты назар жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етуге, техникалық қызмет көрсету шығындарын, пайдаланылатын энергияны азайтуға аударылды.

Біздің жағармайларды цемент өндірісінің барлық келесі кезеңдерінде пайдалануға болады:

  • Экстракция;
  • Шикізатты ұсақтау, конвейермен тасымалдау және майдалау;
  • Күйдіру.

TotalEnergies компаниясының цемент өнеркәсібіне арналған өнімдерінің ең бастысы – жабық редукторларға арналған, полигликольдердің негізінде жасалған Carter SY 320 синтетикалық жағармайы. Оның механикалық әсерге орнықтылығы жоғары, қондырғының түсті металлдардан жасалған бөлшектерін қорғауды қамтамасыз етеді, тозуға және тырналуға қарсы қасиеттері өте тамаша, тоттанудан барынша қорғайды және басқа минералдық майлармен салыстырғанда энергияны 5-10% үнемдеуді қамтамасыз етеді.

TotalEnergies компаниясының әлемнің бес құрлығында да өкілдіктері бар, компания цемент өндірушілер үшін сенімді әріптес екенін көрсетті. Біз сіздің кәсіпорныңыз қай жерде орналасқан болса да мамандандырылған қызмет ұсынуға кепілдік береміз. Біздің техникалық және коммерциялық қызметтеріміз өндірісте пайдаланылатын редукторлар, ұсақтағыш машиналар және басқа да қондырғылар жұмысының тиімділігін барынша жоғарылатуға бағытталған. Цемент өнеркәсібі үшін қондырғы жасаушы негізгі кәсіпорындардың TotalEnergies компаниясына сенім білдіруі біз үшін үлкен абырой.