
АВТО ӨНДІРУШІЛЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАСАУ
Осы жерден сіз Total компаниясының әріптестері туралы оқи аласыз
Кешіріңіз, сіздің іздеулеріңіз нәтиже бермеді. Емлені екі рет тексеріңіз немесе жаңа іздеуді қолданып көріңіз.
Жүк автомобильдерінің иелеріне және техникалық қызмет көрсету станцияларына қымбат жүк көліктері мен автобустарға сапалы қызмет көрсету үшін сенімді жағармайлардың арнайы түрлері қажет.Осы көліктердің қуатты және күрделі қозғалтқыштарын майлау оңай емес. Сондықтан, TOTAL компаниясы қозғалтқыштарына салмақ көп түсетін коммерциялық көліктерге барынша оңтайлы өнімдер өндіру үшін автомобиль өндіруші аса ірі компаниялармен тығыз ынтымақтасады.
Жүк тасымалдайтын сан-алуан көліктерге қызмет көрсетуге арналған арнайы өнімдер
TOTAL компаниясының жағармайларын Mercedes, MAN, DAF және Scania компанияларын қоса, ірі өндірушілердің көпшілігі мақұлдаған. TOTAL компаниясы автомобильдердің сан-алуан маркалары мен модельдеріне қызмет көрсететін орталықтар үшін техниканың әрбір түріне арнайы дайындалған өнімдер ұсына алады. Оған қоса, біз сапасы жоғары қызметтерді қамтамасыз етуге мүдделі техникалық қызмет көрсету станциялары үшін техниканың жағдайын жағармайдың ANAC сынамасы бойынша диагностикалау қызметін ұсынамыз.
Жүк автомобильдері мен автобустарға кәдімгі автомобильдерге қойылатын талаптардан анағұрлым жоғары талаптарға сәйкес келетін, арнайы жағармайлар қажет. TOTAL компаниясының осы салаға арналған жағармайлары келесі талаптар үшін арнайы дайындалған:
Сіздің бизнесіңіздің табыстылығы
Арнайы жағармайлар – өз техникаңызды сақтау және қорғау, клиенттеріңізге барынша жақсы қызмет көрсету және бизнесіңіздің саладағы орнын нығайту үшін пайдалануға болатын ең тиімді заттар.
TOTAL компаниясының жүк автомобильдеріне арналған жағармайларының түрлері: