Skip to content

13/06/2023 News

Франция болып көрінгеннен жақынырақ!

TotalEnergies Marketing Kazakhstan компаниясы өз қызметкерлері арасында Францияны, француз тілі мен мәдениетін насихаттауға үлкен көңіл бөледі. Француз тілі сабақтары TEMK ұжымы арасында танымал, сондықтан жақын арада екінші француз тілін меңгеру тобы (А1 деңгейі) ашылады.

Жаңа топтардың ашылуына орай 9 маусымда Alliance Français атқарушы директоры Вивьен Фуке мырзамен кездесу өтті. Кездесуге сонымен қатар құрметті қонақ – Француз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Фабрис Невё мырза қатысты.

Alliance Français – халықаралық аренада Францияны, француз тілін, білімі мен мәдениетін насихаттайтын ресми ұйым.

TotalEnergies Marketing Kazakhstan қызметкерлері француз тілін меңгерудің артықшылықтары және француз тілді шетелдіктерге білім, мәдениет және туризм саласында ашылатын бірегей мүмкіндіктер туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.

#FranceInKazakhstan #TotalEnergies #BusinessCollaboration