Skip to content

Тежеуіш сұйықтығын қалай ауыстыру керек

Тежеуіш сұйықтығын үнемі ауыстырып отыру керек.

Тежеуіш сұйықтығы ылғалды ауадан сіңіреді. Сол үшін оның қайнау температурасы уақыт өте келе төмендейді. Мұның салдарынан тежелу әлсірейді немесе тежелу мүлдем болмайды. Тежеуіш жүйенің жұмысы тиімді болу үшін тежеуіш сұйықтығын үнемі ауыстырып тұру ұсынылады. Тежеуіш сұйықтығын толықтырып құйдың жолы қандай. Тежеуіш сұйықтығы резервуардың МИНИМУМ мен МАКСИМУМ белгілерінің арасында тұрғанына көз жеткізіп, оның деңгейін тексеріңіз. Егер оның деңгейі МИНИМУМ белгісінен төмен болса, білікті механикке жолығыңыз.

Тежеуіш сұйықтығын қалай құю керек. Тежеуіш сұйықтығын құймай жатып, Мұның әдетте, керексіз екенін білуіңіз керек. Тежеуіш сұйықтығы өздігінен шығындалмайды. Тозған тежеуіш колодкалары немесе гидрожүйеден сұйықтықтың ағуы тежеуіш сұйықтығының деңгейі төмен болуының салдары екенін ұмытпағаныңыз жөн. Егер тежеуіш сұйықтығына арналған шөлмек бос болса немесе тежеуіш педалі төмен қарай түсіп кетіп жатса, тежеуіш сұйықтығын құймаңыз. Әйтпесе, тежеуіш жүйесінен ағылу басталады. Осы мәселені білікті механик шешпейінше, автокөлікті пайдаланбаңыз.

Көбірек білем десеңіз...

Тежеуіш сұйықтығының гидрокүшейткіштің сұйықтығынан айырмашылығы қандай?

Олар әртүрлі заттардан жасалған, арнаулары да екі бөлек. Олардың тұтқырлығы әр жекелеген жүйеге лайықталып, ретке келтіріледі. Яғни, тежеуіш сұйықтығының тұтқырлығы тежеуіш жүйеге, ал руль басқарудың гидрокүшейткішінің жұмыс сұйықтығының тұтқырлығы руль басқару жүйесіне сәйкестендіріледі. Осы жүйелерде пайдаланылатын эластомерлер осындайы арнайы сұйықтықтар үшін арнайы әзірленіп, дұрыс қолданылмаса, зақымдалу мүмкін. Оларды ешқашан бірге араластырмаңыз.

Руль басқару гидрокүшейткішінің жұмыс сұйықтығы не үшін қарастырылған?

Руль басқару гидрокүшейткішінің жұмыс сұйықтығы – руль басқаруында пайдаланылатын гидрожүйеге арналған сұйықтық. Сұйықтық күшейтілген руль басқарудың сорғысы арқылы өтеді. Жүргізушіге рульді басқару жеңіл болу үшін сорғы руль басқару гидрокүшейткішінің жұмыс сұйықтығын итеріп нығыздайды.

Руль басқару гидрокүшейткішінің жұмыс сұйықтығын қалай толықтырып құю керек

Руль басқару гидрокүшейткішінің жұмыс сұйықтығы құйылатын шөлмекті табыңыз. Әдетте, ол қозғалтқыштың үстінде немесе оның қасындағы қозғалтқыш отсегінде орналасады. Шөлмек пластиктен жасалған болуы мүмкін. Сұйықтық деңгейін тексеру үшін шөлмекті таза шүберекпен сүртіп шығыңыз. Руль басқару гидрокүшейткішінің жұмыс сұйықтығы өздігінен шығындалмайды. Оның деңгейі резервуардағы МАКСИМУМ және МИНИМУМ белгілерінің арасында болу керек. МИНИМУМ белгісінен төмен деңгей жүйеде ағылудың барын білдіреді. Мұндайда білікті механикке жолығу керек. Руль басқару жүйесін жақсы күйде ұстап отыру үшін сұйықтықты ауыстырып тұру қажет. Руль басқару жүйесі қауіпсіздік тұрғысынан көлігіңіздің ең маңызды құраушысы болып табылады. Оны тек білікті механиктер ғана жөндеп, ретке келтіре алады. TotalEnergies сауда белгісінің TOTAL FLUIDE LDS, FLUIDE DA мен LHM PLUS өнімдерін сұраңыздар.