Skip to content

Фольксваген Туарег қозғалтқышына құйылатын мотор майы

Фольксваген Туарег – бұл қалада және жол талғамайтын аймақта қозғалыс еркіндігі. Күшті қуат беру қондырғысы үлкен арақашықтықтарды қысқа мерзім ішінде өтуге, сондай-ақ, орман жолдарынан, төбелерден, ойлы-қырлы жерлерден максималды жүктемемен өтуге мүмкіндік береді.

Автомобильдің екі буыны өз сенімділігін дәлелдеді. Машина қуат беру агрегаттарының үш нұсқасында шығарылады: бензин, дизель және тіпті гибридтік қондырғы.

Бензиндегі орташа шығын 10,4, дизельде 7,4, бірақ армандаған көлікті жүргізу кезінде сандарға кім қарайды! Гибридтік модификация барлық елдерде сатыла бермейді. Оның артықшылығы – үнемділікпен үйлесетін 379 а.к. дүрліктірер қуаттылығы.

Фольксваген Туарег қозғалтқышына құйылатын май – бұл сапасы ең жоғарғы ғана міндетті түрде синтетикалық май. Өздерінің ауқаттылығын дәлелдеген нұсқалардың шолуы төменде келтірілген.

Volkswagen Touareg құйылатын май – сарапшылардың кеңестері

TOTAL QUARTZ 9000 ENERGY 0W-30

TotalEnergies QUARTZ 9000 ENERGY 0W30

Аязды қыс және ыстық жаз – TOTAL QUARTZ 9000 ENERGY 0W30 майы үшін қиындық туғызбайды. Май өндірушімен мақұлданған және қозғалтқыштарда сыналды. Күшейткіш қоспалардың кешені төмендегілерге мүмкіндік береді:

  • тозуды азайтуға және ресурсты ұзартуға;
  • тотығуға қарсы төзімділіктің арқасында айырбастау ресурсін ұзартуға;
  • дисперцияланатын компоненттердің көмегімен қуаттылықты сақтауға;
  • аяздағы және ыстықтағы аққыштық қасиетін сақтауға.

TotalEnergies QUARTZ 9000 5W40

Volkswagen Touareg құйылатын қоңыржай қысқа және ыстық жазға арналған мотор майы – бұл TOTAL QUARTZ 9000 5W40. Бензиндік және дизельді агрегаттар үшін жарамды және өндірушімен мақұлданған. Қосалқы артықшылықтарын тезис күйінде тұжырымдауға болады:

  • тозуға қарсы қорғаныстың жоғары дәрежесі;
  • ішкі элементтерді тазалықта сақтау;
  • айырбастаудың ұзартылған аралықтарына қойылатын талаптарға сай келу;
  • ырғақты жүргізуге де, жоғары жылдамдықта жүргізуге де жарамды.

Берілістер қорабын сақтау үшін Фольксваген Туарегге қандай майды құю қажет?

TotalEnergies FLUIDMATIC MV LV

Фольксваген Туарег трансмиссиясының кемшілігі – бұл қызып кетуі және істен шығуы. Агрегатты айырбастау 150-180 мың рубль сомасына тартады. Берілістер қорабының сенімді қорғанысы – бұл TOTAL FLUIDMATIC MV LV майы. Негізгі артықшылығы – термиялық тұрақтылығы. Бұл берілістердің айқын ауысуына, пайдаланудың ең қарқынды шарттарындағы бірқалыптылыққа кепілдік береді.

Қосымша түрде қоспалар төмендегі жағдайларда көмектеседі:

  • агрегат ресурсін ұзартуға;
  • үйкелісті және саңылауларды болдырмауға;
  • айырбастау аралығын арттыруға, осылайша ұзақ мерзімді кезең ішінде үнемдеуге.

Біздің ресми дистрибьюторларымызға хабарласыңыз және техникалық сұйықтықтарды өзіңіздің Фольксваген Туарег параметрлеріңізге сәйкес таңдаңыз. Жол талғамайтын көлігіңіздің сенімділігін, қуаттылығын және қарқындылығын сақтаңыз.