Skip to content

Тежеуіш сұйықтықтарының құрамы

 

Тежеуіш сұйықтығы үш негізгі компоненттен тұрады

60% бастап, 90% дейінгі мөлшердегі еріткіш

Полигликольдердің тұтқырлығы жоғары болады. Сол себепті оларды тұтқырлығы төмен өніммен (полигликоль эфирлер) араластыру керек.

Полигликоль эфирлер сұйықтықтағы еріткіштің қызметін атқарады. Олар кез келген температураларда жеткілікті майлауды қамтамасыз ету үшін полигликольдер мен басқа да компоненттерді бір фазалы сұйықтықта алуға болатындай еріту керек.

5 бастап, 30% дейінгі мөлшердегі майлау негізі

Полигликольдер тежеуіш сұйықтықтарда майлау заты ретінде 30% мөлшерге дейінгі көлемде қолданылады.

Олар диолдар немесе су сияқты бифункционалды компоненттермен алкиленоксидтер (этилен және пропилен) реакциясы барысында алынады.

2 бастап, 5% дейінгі мөлшердегі қоспалар

Тежеуіш сұйықтығының құрамында әдетте, 5% дейін қоспалар болады. Тот басуды тежейтін ингибиторлар тежеуіш жүйенің металл компоненттерін коррозиядан қорғау үшін қосылады. Антиоксиданттар полигликольдер мен гликольэфирлердің тотығып ыдырауды азайту үшін және тотығып ыдырау өнімдері мен шайырдың түзілуін тежеу үшін қажет. Ингибиторлардың осы екі түрі тежеуіш сұйықтығының ұзақ уақыт қызмет етуін қамтамасыз етуде маңызды қызмет атқарады.