Skip to content

Назар аударыңыз Науқан!

"TotalEnergies ұтысының" құрметті қатысушылары мен көлік қожайындары!​

Науқан өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарға олжаларыңыз құтты болсын дейміз. Біз сіздерді алдағы уақытта да жаңа науқандар мен бағалы сыйлықтармен қуантатын боламыз. Біздің жаңалықтардан құлағдар болып жүріңіздер!

Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! Жолыңыз ашық болып, кептелісте тұрып қалмай, айыппұлдан аман болыңыздар!

 

"Total Marketing Services Kazakhstan" компаниясы 2015 жылдың 15 қазаны мен 1 желтоқсаны аралығында Алматы қаласында «Тоталь ұтысы» промо-науқанын жүргізген болатын.

Науқан кезінде кез келген адам арнайы науқан стикері жапсырылған белгілі бір маркадағы TotalEnergies мотор майын сатып алып, 20 литрден 1000 литрге дейінгі көлемде жанармай ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Жанармайдың жалпы ұтыс қоры 10 000 литрден астам жанармайды құрады.

Науқан радио арқылы және Жібек-Жолы, Car-city, Кенжехан және Тұлпар көлік базарларындағы промоутерлер арқылы хабарланып тұрды.

Науқанның қарапайым әрі түсінікті шарттарына сай кез келген адам 4 промо-орындардың бірінде TotalEnergies промоутеріне «Сатып алушыға арналған» жазуы бар стикер мен канистрді ұсыну керек болды. Осыдан кейін ол лотереялық барабанды айналдырып, ішінен бір скретч-картаны шығарып алып, скретч жолақты өшіріп, бағын сынап көре алды!

Әрқайсысы бойынша 20 литр жанармай берілетін 400 талонның бірі немесе АИ-92 маркалы жанармайдың 1000 литрі берілетін 3 картаның бірі лезде ойнатылды.

 

 

Оған қоса, "Total Marketing Services Kazakhstan" науқанының ұйымдастырушысы науқанға қатысқан тауарлар сатылған көлік базарларындағы дүкендер мен сауда орындарының қожайындары арасында ынталандыратын конкурстық бағдарлама өткізді.

Бұл конкурстың шартына сай 15 қазан мен 1 желтоқсан аралығында TotalEnergies майларының науқандық канистрлерін белсенді сату керек болды.

Науқан аралығында науқанға қатысқан майларды ең көп сатқан сатушылар ұйымдастырушының атынан сыйлықтармен марапатталды.

Бас жүлде (1-орын) - 700 000 теңге сомаға саяхаттау сертификаты, 2-6 орындар – үй кинотеатрлары.

Жүлделеріңіз құтты болсын!

 

 

«Total-ды ұтыс ойынына» қатысыңыз!​

Арнайы стикері бар TotalEnergies мотор майын сатып алып, 1000 литр жанармай ұтып алыңыз!

Жанармай бағасы тағы да өсті, бірақ бұл жанармайды Сізге жомарттықпен беруімізге еш кедергі болмайды. 2015 жылдың 15 қазан мен 1 желтоқсан аралығында арнайы стикері бар TotalEnergies мотор майының мына маркаларын сатып алыңыз:

Quartz 7000 10W40
Quartz 9000 5W40
Quartz Diesel 7000 10W40
Quartz INEO MC3 5W30
Quartz 9000 Energy 0W30

Канистрі мен «Сатып алушыға арналған» деген жазуы бар стикерді промо-орындардың біріндегі TotalEnergies промоутеріне беріп, ұтысыңызды анықтай аласыз. Лотерея барабанын айналдырып, скретч-карта алуыңыз керек. 20-дан 1000 литрге дейін АИ-92 жанармайын ұтып алуыңыз мүмкін.

Промо-орын мекенжайлары:

*/

«Кенжехан» көлік базары,
Солтүстік айналым көш.

«Тұлпар» көлік базары,
Райымбек даңғ., 82/90

«Car city» көлік базары,
Ақсай 1а ы/а, 30а

 

Толық ақпаратты осы парақшаны тапсырған промоутерден немесе дүкендегі сатушыдан біле аласыз.

«Total-ды ұтыс ойынына» қатысыңыз!​

1. Науқанның Ұйымдастырушысы. «Жаппай ұту ойыны» Науқанының Ұйымдастырушысы (мәтін бойынша әрі қарай – Науқан) “TOTAL Marketing Services Kazakhstan” болып табылады (мәтін бойынша әрі қарай – Ұйымдастырушы).

2. Науқанға қатысушылар. Науқанға TotalEnergies мотор майларын сатып алған және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын 18 жастағы және одан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Науқанға 18 жасқа толық толмаған азаматтар қатысқан жағдайда Ұйымдастырушы оларды Науқанға қатыстырмауға құқылы. Науқан ұйымдастырушысының қызметкерлері, онымен үлестес компаниялар және Науқанды өткізуге қатысатын агенттіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бұл Науқанға қатыстырылмайды.

3. Науқанның мақсаты. Бұл Науқан сатып алушылармен өзара қарым-қатынасты дамытуға, сондай-ақ TotalEnergies өнімдерін сату көлемін тікелей ұлғайтуға байланысты белгілі бір маркетингтік мақсаттарға қолжеткізуге бағытталған іс-шараны реттеу негізінде өткізіледі.

4. Науқан өткізілетін аумақ. Науқан Алматы қаласы аумағында «Кенжехан», «Тұлпар», «Car city» базарларында және науқандық өнім ұсынылған өзге де сату орындарында өткізіледі.

5. Ұту ойынының әдісі және жеңімпаздар. Жүлделер ұту ойыны промо-орталықтардың жұмыс режиміне сәйкес Науқанды өткізудің белгіленген мерзімінде өткізіледі. Жеңімпаздар промоутерге ұтысты скретч-карта ұсынған кезде анықталады.

6. Жүлде беру шарттары. Науқанның Жүлде қоры Ұйымдастырушы есебінен құралған. Жүлде құнының ақшалай баламасы берілмейді немесе басқа жүлделерге айырбасталмайды. Ұйымдастырушы және оның өкілетті ұйымы жүлделерді қайтармайды және айырбастамайды. Жүлдені алуға байланысты қосымша шығындардың бәрін жеңімпаз өз мойнына алады.

7. Жүлделерді алу тәртібі. Науқан жеңімпаздары ұтысты ұтыс ойын өткізілген жерде алады.

8. Жеке мәліметтер. Қатысушы Науқанға қатыса отырып өзінің жеке (дербес) мәліметтерін (оның ішінде ұялы телефон нөмірін) Ұйымдастырушының және оның өкілетті ұйымының осы Науқанды өткізу, сондай-ақ шектелмеген мерзімде нарықты зерттеу үшін өңдеуіне, жинауына, сақтауына және пайдалануына келісім беретіндігін растайды.

8.1. Ұйымдастырушы және оның өкілетті ұйымдары жеке мәліметтердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өңделетініне кепілдік береді.

8.2. Ұйымдастырушы Қатысушылардың фотосуреттерін жарнамалық мақсатта өтемақысыз пайдалана алады. Қатысушылар Науқанға қатысқаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарына жарнамалық сұхбат беретіндігімен, сондай-ақ қандай да бір сыйақы төлемей-ақ бейне және графиктік жарнамалық материалдар дайындау үшін оған түсетіндігіне келісім береді.