Skip to content

Пайдаланылған майды қайта өңдеу

 

TotalEnergies компаниясы энергия өндірудің ең ұтымды принципін ұстанады. Бұл біздің өнімдеріміздің, әсіресе майдың пайдаланылуын және қайта өңделуін ішінара меңзейді. TotalEnergies аффилирленген компанияларының көбі майларды қайта өңдеу компанияларымен ынтымақтастық қарым-қатынаста болады. TotalEnergies компаниясы Veolia бірге ынтымақтаса отырып, пайдаланылған майларды қалыпқа келтірудің заманауи технологиясын қолданатын Osilub кәсіпорнын құрды. Төменде пайдаланылған майларды қалай қалып келтіру жайлы кәсіпорнымыздың бейнетүсірілімі көрсетілген:

 

Тағы бір мысал ретінде TotalEnergies компаниясы Солтүстік Еуропа елдерінде (Дания, Швеция, Норвегия, Финляндия және Исландия) пайдаланылған майларды қабылдау бойынша LUBCOLLECT жаңа қызмет түрін енгізді. Мұндай инновациялық жүйе клиенттер үшін қайта өңдеу процессін жеңілдетеді. TotalEnergies Nordic компаниясы таяуда майларды қайта өңдеумен айналысатын жетекші компания – Stena Recycling компаниясының серіктесі атанды. Біздің кәсіпорын осы компаниямен бірлесе отырып, пайдаланылған майлар мен май сүзгілерін қауіпсіз әрі тиімді жинау қызметін құрды. Осындай ынтымақтастықтың арқасында TotalEnergies компаниясының клиенттері қайта өңдеу қызметтеріне қол жеткізе алады: олар үшін тікелей қоңырау шалу нөмірі мен Stena Recycling компаниясының арнайы қызметкері бөлінген арнайы қызмет көрсету орталығы құрылды. Бұл орталықтың қызметкерлері сізге келіп пайдаланылған майды өздері алып кете алады.