Skip to content

АКЦИЯСЫ «Париж біз ойлағаннан да жақын!»

Париж ойлағаныңнан да жақынырақ

2019 жылдың 15 қазаннан 15 желтоқсанға дейін Total мотор майын сатып алып, кепілдендірілген 50%
жеңілдікке ие болыңыз және Парижге жолдама алыңыз!

Қарапайым төрт қадам жасаңыз:

  1. Total мотор майын акциялық стикермен сатып алыңыз (Сауда нүктесінің мекенжайы);
  2. Cкреч-қабатын өшіріп, кодты SMS-пен 2081 қысқа нөміріне сызбасы арқылы жіберіңіз:
    Код (бос орын) Сатушы ID –ы (3 таңбалы ID) ** (Мысалы: TL16RT6 111);
  3. Көрсетілген 50% дейінгі кепілдендірілген жеңілдік туралы хабарлама алысымен сатушыға SMS жіберіңіз;
  4. Стикерді ұсынылған жеңілдікке айырбастаңыз және Парижке екі адамға берілетін жолдамаға иеленуге қатысыңыз!

ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

1.АКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ

«Париж біз ойлағаннан да жақын» шартты атауы бар жарнамалық акция (әрі қарай – «Акция») «Total» сауда белгісіне қызығушылық таныту және оны қолдау, «Total Quartz» мотор майына оң имидж бен оған тұтынушылық сұранысты қалыптастыру мақсатында белгісіз тұлғалар арасында өткізіледі.
Акция лотерея болып табылмайды, қатысу үшін төлем енгізуді талап етпейді.

 

2.ТАПСЫРЫС БЕРУШІ / АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

2.1. Акцияға тапсырыс беруші: «TOTAL Marketing Services Kazakhstan» ЖШС, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, БСН 131140026174, орналасқан мекенжайы:  050000, Алматы қ., Медеу ауданы, Қонаев к-сі, 77, 9-қабат, «Park View Office Tower» БО (әрі қарай – «Тапсырыс беруші»).
2.2. Акция ұйымдастырушысы: «Urban Media» (Урбан Медиа) ЖШС, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, БСН 050840004119, орналасқан мекенжайы: 050026, Алматы қ., Алмалы ауданы, Наурызбай батыр к-сі, 17, Сатори БО, 3-қабат, 305-кеңсе (әрі қарай – «Ұйымдастырушы»), Тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша әрекет етеді.

 

3.АКЦИЯНЫҢ ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМДЕРІ

3.1. Акцияның өткізілу мерзімі: соңғы күнді қоса 2019 жылғы 07 қазан мен 2019 жылғы 15 желтоқсан аралығы (әрі қарай – «Акция кезеңі»).
3.2. Акциялық стикерлердегі Кодтарды тіркеу кезеңі: 2019 жылдың 15 қазаны Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан бастап 2019 жылдың 15 желтоқсаны Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 23 сағат 59 минутқа дейін (әрі қарай – «Кодтарды тіркеу кезеңі»).
3.3. Бас жүлде ұтыс ойындарын өткізу мерзімі: 2019 жылғы 20 желтоқсан;
3.4. Сайтта Акция Жеңімпаздарының Тізімін жариялау мерзімі: 2019 жылғы 25 желтоқсанға дейін;
3.5. №1 Бас жүлдені өткізу мерзімі: соңғы күнді қоса 2020 жылғы 30 сәуірге дейін (әрі қарай – «№1 Бас жүлдені өткізу мерзімі»).

 

4.АКЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

4.1. Акцияға 18 жастан асқан жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының (әрі қарай– «ҚР») әрекет етуге қабілетті азаматтары мен ҚР аумағында тұрақты тұратын ҚР тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары (әрі қарай «Қатысушы» / «Қатысушылар») қатыса алады.
4.2. Келесі тұлғалар Акцияға қатыстырылмайды:
•Ережелердің 3.1-т. талаптарына сәйкес келмейтін тұлғалар;
•Тапсырыс берушінің және (немесе) Ұйымдастырушының қызметкерлері;
•Ұйымдастырушымен және (немесе) Тапсырыс берушімен үлестес деп танылған тұлғалар;
•Ұйымдастырушымен/Тапсырыс берушімен азаматтық-құқықтық және өзге қарым-қатынастағы және Акцияны ұйымдастыруға және/немесе өткізуге, Total мотор майының өнімдерін сатуға байланысы бар үшінші тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдері;
•Жоғарыда аталған тұлғалардың жақын туыстары;
•Азаматтығы жоқ тұлғалар мен ҚР ықтияр хаты жоқ өзге мемлекет азаматтары.
4.3. Акцияға толық 18 жасқа толмаған азаматтар қатысқан жағдайда, Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші оларды Акцияға қатыстырудан бас тартуға құқылы.

 

5.АКЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ХАБАРЛАУ ӘДІСТЕРІ

5.1. Қатысушыларға Ережелер, Акцияны өткізу мерзімдері, Акция шарттарындағы өзгертулер (толықтырулар) туралы хабарлау Ұйымдастырушының ақпаратты келесі әдістермен орналастыруы арқылы жүзеге асырылады:
•Интернет желісіндегі http://www.totalms.kz/ сайтында (әрі қарай – «Сайт»);
•осы ережелердің 7.1-т. көрсетілген Акцияның өткізілу орындарында Ұйымдастырушы промо-қызметкерлерінің лифлеттерді таратуы;
•+7 (747) 664 29 94 нөмірі бойынша ақпараттық «Қауырт желі» арқылы (Қатысушылар үшін қоңырау шалу тегін, қоңырау шалу құны Қатысушы пайдаланатын ұялы оператор тарапынан байланыс көрсету шарттарына байланысты);
•Ұйымдастырушының/Акцияға Тапсырыс берушінің таңдауы бойынша өзге әдістермен.
5.2. Ақпараттық «Қауырт желі» демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00 – 18.00 аралығында (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша), түскі асқа үзіліс уақыты сағат 12.00 – 14.00 аралығы (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша), жұмыс істейді.
Ақпараттық «Қауырт желі» жұмысының тәртібі Акция Ұйымдастырушысының қарауына қарай кез келген уақытта оператордың жұмыс режимінен автохабарлаушы жұмыс режиміне ауыстырылуы мүмкін.
5.3. Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші кез келген уақытта акция шарттарын өзгертуге, оның өткізілуін мерзімінен бұрын тоқтатуға, Акция туралы қосымша ақпарат жариялауға құқылы. Акция мен оның ережелері бойынша жаңартылған (қосымша) ақпарат Акцияға Тапсырыс беруші осындай өзгертулерді (жаңартуларды) бекіткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Сайтта орналастырылуы тиіс.
5.4. Осы Ережелерде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған және даулы жағдайлар туындаған кездегі жағдайларды қоспағанда, Акция Қатысушыларымен жазбаша немесе қандай да бір байланыс орнатпау құқығын Тапсырыс беруші/Ұйымдастырушы өзіне қалдырады.

 

6.АКЦИЯҒА ҚАТЫСАТЫН ТАУАР

6.1. Акцияға қатысатын тауар Тапсырыс берушінің көлемі 4 немесе 5 литрлік қаптамалардағы «Total QUARTZ» сауда маркасының мотор майлары өнімі болып табылады, өнімнің тұтқырлығы 5 және 0 (әрі қарай – «Акциялық өнім»), қаптамасында Акцияның өткізілетінін анонстайтын арнайы промо-стикер (әрі қарай – «Акциялық стикер») орналастырылған және арнайы қорғаныш скретч-қабаттың астында Акцияға қатысуға қажетті 7-таңбалы сандық-әріптік код болып саналатын арнайы код (әрі қарай – «Код») бар.

 

7.АКЦИЯНЫҢ ӨТКІЗІЛУ АУМАҒЫ МЕН ОРНЫ

7.1. Акция Қазақстан Республикасы, Алматы қ. мына аумақтарында өткізіледі:
- «Тұлпар», «Жібек Жолы», «Car city», «Кенжехан» базарларының аумағында орналасқан сауда нүктелерінде, сондай-ақ Алматы қ. бойынша жеке орналасқан СН қоса, «Total QUARTZ» Акциялық өнімі ұсынылған (әрі қарай – «СН») басқа сауда нүктелерінде;
- Акциялық өнім ұсынылған Алматы қ. тыс жерлерде (Қаскелең қ., Өтеген Батыр к., Талғар, Қарғалы а., Есік қ., Боралдай а., Қапшағай қ., Құлжа трассасының 43 км) орналасқан сауда нүктелерінде (әрі қарай – «Шалғайдағы СН»).

 

8.АКЦИЯНЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

Акцияның жүлде қоры Тапсырыс берушінің ақшалай қаражатының есебінен құралады және келесі Жүлделерден (әрі қарай барлығы бірге – «Акция Жүлделері») тұрады:
8.1. Кепілді жүлде (әрі қарай – «Кепілді жүлде») – «500 (бес жүз), немесе 800 (сегіз жүз), немесе 1500 (бір мың бес жүз) немесе 4500 (төрт мың бес жүз) теңге көлеміндегі Акциялық өнімге шегерім» (әрі қарай – «Шегерім»);
      Шегерім мөлшері осы Ережелердің 9.2-тармағында көрсетілген Акция шарттарына сәйкес  
      анықталады.
      Бүкіл Акция кезеңіндегі «Шегерім» жүлделерінің жалпы саны шектеулі.
8.2. Бас жүлделер (әрі қарай – «Бас жүлделер»):
8.2.1. 3-ші жүлделі орын үшін Бас Жүлде – ««Total QUARTZ» мотор майының жылдық қоры*» (әрі қарай – «№ 3 Бас жүлде»).
             Бүкіл Акция Кезеңіндегі №3 Бас жүлделердің жалпы саны – 1 (бір) дана.
             *Жылдық қор «Total QUARTZ» мотор майының 2 канистрінен тұрады.
             №3 Бас жүлденің түрін, санатын Тапсырыс беруші өзі анықтайды.
8.2.2.    2-ші жүлделі орын үшін Бас Жүлде – ұялы телефон (әрі қарай – «№ 2 Бас жүлде»).
             Бүкіл Акция кезеңіндегі №2 Бас жүлделердің жалпы саны – 1 (бір) дана.
             №2 Бас жүлденің үлгісін, түрі мен маркасын Тапсырыс беруші өзі анықтайды.
8.2.3. 1-ші жүлделі орын үшін Бас Жүлде – «Франция, Париж қ. 2 (екі) адамға 5 күндік сапар» (әрі қарай – «№ 1 Бас Жүлде»), бүкіл Акция Кезеңіне – 1 (бір) дана.
№1 Бас жүлде Жеңімпазға 2 адамға беріледі: Жеңімпаз бен оған ілесіп жүретін тұлғаға және келесілерді қамтиды:
•Алматы қаласынан Париж қаласына (әрі қарай – «Белгіленген қала») және кері 2 адамға (№1 Бас жүлде Жеңімпазы мен оған ілесіп жүретін тұлға) эконом класпен авиаұшу;
•Класы 3 жұлдыздан төмен емес қонақүйде тұру;
8.2.3.1. №1 Бас жүлде Жеңімпазға осы Ережелердің 8.2.3-т. көрсетілген көлемде ғана беріледі.
8.2.3.2. №1 Бас жүлденің барлық сипаттамасын (авиажелілерді, тұруға арналған қонақүйді) Тапсырыс беруші және (немесе) Ұйымдастырушы өз бетімен анықтайды, ол Жеңімпаздың қалауы бойынша өзгертілмейді.
8.2.3.3. Жеңімпаздың №1 Бас жүлдені алуына/орындауына байланысты, осы Ережелердің 8.2.3-тармағында белгіленбеген кез келген шығындарын Ұйымдастырушы және/немесе Тапсырыс беруші жаппайды, №1 Бас жүлде Жеңімпазының өзі төлеуі тиіс.
8.2.4. Акция Жүлделерінің жалпы саны мен құрамы Акцияға Тапсырыс берушінің шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

 

9. АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

9.1. Акцияға қатысу үшін Қатысушы осы Ережелердің 3.2-т. көрсетілген Кодтарды Тіркеу кезеңінде конклюденттік әрекеттердің келесі реттілігін орындауы қажет:
9.1.1. Осы Ережелердің 6.1-т. көрсетілген Акциялық өнімнің (тұтқырлығы 5 және 0 болатын, қаптамасында Акциялық стикері бар көлемі 4 немесе 5 литрлік канистрлердегі «Total Quartz» мотор майының) кем дегенде 1 (біреуін) сатып алу;
9.1.2. Акциялық өнім сатып алынған сауда нүктесінде Акциялық стикердегі қорғаныш скретч-қабатты өшіріп, скретч-қабаттың астындағы бірегей 7-таңбалы Кодты табу;
9.1.3. Акциялық өнімді сатып алған Сатушыдан (әрі қарай – «Сатушы») Сатушының 3 (үш) саннан тұратын Сәйкестендіру Нөмірін (әрі қарай – «Сатушының ID нөмірі») алу;
9.1.4. 2081 қысқа нөміріне (әрі қарай – «Қысқа нөмір») «7-таңбалы Код (Бос орын) Сатушының 3-таңбалы ID нөмірі» үлгісінде SMS-хабарлама жіберу арқылы Кодты тіркеу;
9.1.5. Шегерім көлемі теңгемен көрсетілген жауап SMS-хабарлама алу;
9.1.6. Сатушыдан жауап SMS-хабарламада көрсетілген мөлшерде Шегерім алу, бұл ретте Коды тіркелген Акциялық стикерді Қатысушы Сатушыға береді, Акциялық стикер Сатушыда қалады және Қатысушыға қайтарылмайды;
9.2. Шегерім мөлшері Акцияны өткізу үшін Ұйымдастырушы әзірлеген арнайы компьютерлік бағдарламада (әрі қарай – «Компьютерлік бағдарлама») рэндомды түрде (кездейсоқ түрде) анықталады;
9.3. Кодты дұрыс тіркеген қатысушы автоматты түрде Акцияның Бас жүлде Ұтыс ойындарының қатысушысы болады.
9.4. Осы Ережелердің 3.2-т. көрсетілген Кодтарды тіркеу кезеңінде 2081 қысқа нөміріне SMS-хабарламаларды жіберу құны – Қатысушылар үшін тегін және Акцияға Тапсырыс берушінің қаражаты есебінен төленеді.
9.5. Осы Ережелердің 3.1-тармағында көрсетілген бүкіл Акция Кезеңінде 1 (бір) қатысушы бір (бір) ұялы телефоннан 2 (екі) Кодтан артық тіркей алмайды.
9.6. Егер Қатысушы екі Акциялық өнімнен 2 (екі) Кодты тіркегісі келсе, Қатысушы осы Ережелердің 9.1.4-т. көрсетілген үлгіге сәйкес Кодтарды Қысқа нөмірге бөлек-бөлек жіберуі тиіс.
9.7. Ұялы телефон нөмірі Қатысушының атына тіркелуі тиіс.

 

10. АКЦИЯНЫҢ БАС ЖҮЛДЕЛЕРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ

10.1. Осы Ережелердің 3.1-тармағында көрсетілген Акция Кезеңі аяқталған соң Ұйымдастырушы Бас жүлделердің 1 (бір) ұтыс ойынын (әрі қарай – «Бас Жүлделер ұтыс ойыны») өткізетін болады;
10.2. Бас Жүлделер ұтыс ойынының өткізілу күні осы Ережелердің 3.3-тармағында белгіленген*
*Бас жүлделер ұтыс ойындарының өткізілу күні Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген демалыс және мереке күндерін ескере отырып, сондай-ақ Ұйымдастырушының қатысы жоқ жағдайлар басталған кезде түзетілуі мүмкін.
10.3. Бас Жүлделер ұтыс ойындарының Жеңімпаздарын Ұйымдастырушының, Тапсырыс берушінің, Акцияның ақпараттық серіктестерінің өкілдерінен тұратын комиссия келесі әдіспен анықтайтын болады:
10.3.1. Акция Кезеңінде Кодты/Кодтарды тіркеген және осы Ережелердің 9-бөлімінің барлық талаптарын орындаған әрбір Қатысушыға арнайы Компьютерлік бағдарламада бірегей ID нөмірі беріледі (әрі қарай – «Қатысушының ID нөмірі»);
10.3.2. Қатысушының ID нөмірі 1 – 5000 аралығындағы реттік нөмір болып табылады, ол осы Ережелердің 9.1.4-тармағына сәйкес Қатысушы Кодтарды тіркеуді жүзеге асырған Қатысушының ұялы телефонының нөміріне қоса тіркеледі;
10.3.3. Осы Ережелердің 9-бөлімінің талаптарын дұрыс орындамаған / барлық талаптарын орындамаған Қатысушылар ұтыс ойынға қатыстырылмайды;
10.3.4. Ұтыс ойынға қатыстырылатын қатысушылардың ID нөмірі басып шығарылып, лототронға салынады. Тапсырыс берушінің өкілі Акцияның Бас Жүлделерінің Жеңімпаздарын Қатысушылардың ұтыстық ID нөмірлерін кездейсоқ таңдап алу арқылы анықтайды;
10.3.5. Әр Бас Жүлдеге 1 (бір) Негізгі жеңімпаз (әрі қарай – «Жеңімпаз») және 3 Балама үміткер (әрі қарай – «Балама жеңімпаз») таңдап алынады;
10.4. Бас Жүлделер Ұтыс ойынының өткізілу қорытындысы бойынша ұтыс ойынның хаттамасы жасалады, оларға Комиссия мүшелері қол қойып, нотариус куәлік етеді.
10.5. Бас жүлделер ұтыс ойыны видеоға түсірілетін болады, соңында Бас жүлделер ұтыс ойынының видеосы Сайтта, сондай-ақ Тапсырыс берушінің ресми әлеуметтік желілерінде орналастырылатын болады:
https://www.facebook.com/TotalKazakhstan, https://www.instagram.com/total_kazakhstan/.
10.6. Ұтыс ойын аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушының операторы (әрі қарай – «Оператор») Жеңімпаздармен хабарласатын болады. Егер Оператор қандай да бір себептер бойынша (телефон байланыс аясынан тыс жерде болса немесе Жеңімпаз қоңырауға жауап бермесе) Бас жүлделер ұтыс ойыны өткізілген күннен бастап 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде Жеңімпазға қоңырау шала алмаса, сондай-ақ Жеңімпаз осы Ережелердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Жеңімпаз Бас жүлде алу құқығынан айырылады, Ұйымдастырушы Балама жеңімпаздар тізімінен (кезектілік ретімен) жаңа Жеңімпазды анықтайды.
10.7. Бас жүлделер Жеңімпаздарының тізімі осы Ережелердің 3.4-тармағында көрсетілген күннен кешіктірілмей Сайтта жариялануы тиіс.

 

11. ЖҮЛДЕЛЕРДІ АЛУ ТӘРТІБІ

11.1. Бүкіл Акция Кезеңінде 1 (бір) Қатысушы ең көбі 2 (екі) Кепілді жүлде алуға құқылы.
11.2. Бүкіл Акция Кезеңінде 1 (бір) Қатысушы ең көбі 1 (бір) Бас жүлде алуға құқылы.
11.3. «Шегерім» Кепілді жүлдесін беруді Акциялық өнімді сатып алған кезде осы Ережелердің 3.1-тармағында көрсетілген Акцияның өткізілу кезеңінде осы Ережелердің 9.1.1. – 9.1.6. тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес Қатысушы Кодты тіркегеннен кейін СН (сауда нүктесі) жүзеге асырады.
11.4. Қатысушы Кодты тіркеу мен 9.1.1. – 9.1.6. тармақтарында көрсетілген Акция шарттарын осы Ережелердің 3.1-т. көрсетілген мерзімнен кешіктіріп орындаған жағдайда, Қатысушы Шегерім ала алмайды.
11.5. №2 немесе №3 Бас жүлдені алу үшін Жеңімпаз ұтыс туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей Ұйымдастырушыға келесі құжаттарды беруі тиіс:
•Жеңімпаздың жеке куәлігінің екі жағынан түсірілген көшірмесі, міндетті түрде ЖСН көрсетілуі қажет,
11.6. №1 Бас жүлдені алу үшін Жеңімпаз ұтыс туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей Ұйымдастырушыға келесі құжаттарды беруі тиіс:
•Жеңімпаздың жеке куәлігінің екі жағынан түсірілген көшірмесі, міндетті түрде ЖСН көрсетілуі қажет,
•Жеңімпаздың қолданыстағы шетелдік төлқұжатының көшірмесі, бұл ретте шетелдік төлқұжаттың аяқталу мерзімі 01.01.2021 жылдан ерте болмауы тиіс
•Сапар кезінде Жеңімпазға бірге ілесіп жүретін тұлғаның қолданыстағы шетелдік төлқұжатының көшірмесі, бұл ретте шетелдік төлқұжаттың аяқталу мерзімі 01.01.2021 жылдан ерте болмауы тиіс.
Құжаттардың көшірмелері анық, әріптері мен сандары көрінетіндей болуы тиіс.
11.7. Ұйымдастырушы Жеңімпаздан Бас жүлдені алуға қажетті басқа құжаттарды (сақтандыру компаниялары, авиатасымалдаушылар, мемлекеттік органдар және т. с. с. сұрайтын қосымша құжаттарды) сұрауға құқылы.
11.8. Жеңімпаз Ұйымдастырушының кеңсесінен №2 немесе №3 Бас жүлдені өзі алып кетеді.
Ұйымдастырушы кеңсесінің мекенжайы мен жұмыс уақытын, сондай-ақ №2 немесе №3 Бас жүлдені алу мерзімін Жеңімпазға Ұйымдастырушы Операторы хабарлайды.
11.9. Ұйымдастырушы кеңсесінен №2 немесе №3 Бас жүлдені алған сәтте Жеңімпаз Ұйымдастырушының өкіліне Жеңімпазды сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлігін/төлқұжатын) көрсетуі, Бас жүлдені табыстау туралы актіні (әрі қарай – «Жүлдені табыстау актісі») толтыру үшін Жеңімпаздың жеке деректерін көрсетуі, сондай-ақ Жүлдені табыстау актісіне қол қоюы тиіс.
11.10. Ұйымдастырушы Операторы Жеңімпаздың ұялы телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы Жеңімпазға хабарлаған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Жеңімпаздың Ұйымдастырушы кеңсесінен №2 немесе №3 Бас жүлдені алып кетпесе, №2 немесе №3 тиісті Бас жүлдені Жеңімпаз кейін талап ете алмайды.
11.11. Жеңімпаздың осы Ережелердің 9.1.1. – 9.1.6. тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес Кодты тіркеген ұялы телефон нөмірі бойынша Ұйымдастырушыға қатысы жоқ себептер бойынша Жеңімпазбен байланысу мүмкіндігінің болмауы Жеңімпаздың Бас жүлдені алудан бас тартуы болып саналады.
11.12. №1 Бас жүлде Жеңімпаздың осы Ережелердің 11.6-т. көрсетілген құжаттамаларды/ақпаратты көрсеткен кезеңінен бастап 2019 ж. 30 желтоқсанға дейін Тапсырыс берушімен/Акция Ұйымдастырушысымен шарттық қарым-қатынас негізінде Жеңімпаз бен оған ілесіп жүретін тұлғаның сапарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын туристік агенттіктің (әрі қарай – «Агенттік») байланыс деректерін Жеңімпазға беру түрінде табысталады.
11.13. №1 Бас жүлдені пайдалану – Франция, Париж қ. 2 (екі) адамға 5 күндік сапарды (әрі қарай – Сапар») Жеңімпаз бен оған ілесіп жүретін тұлға 30.04.19 ж. дейін пайдалануы тиіс.
11.14. Осы Ережелердің 3.5 және 11.13. тармақтарында көрсетілген №1 Бас жүлдені пайдалану кезеңін (сапар кезеңін, ұшу күндері мен уақытын) Тапсырыс беруші белгілейді және Жеңімпаз тарапынан өзгертілмеуі тиіс.
11.15. Егер №1, №2 немесе №3 Бас жүлде Жеңімпазы Ұйымдастырушыға немесе Агенттікке қажетті құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартса немесе басқа себептер бойынша бермесе, сондай-ақ егер Жеңімпаз талап етілген құжаттардың толық жиынтығын жібермесе немесе жіберген көшірмелердің сапасы оларды сәйкестендіруге мүмкіндік бермесе, Ұйымдастырушы мұндай Жеңімпазға Бас жүлдені беруден бас тартуға, сондай-ақ оларды өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
11.16. Келесі жағдайларда Ұйымдастырушы жауапты болмайды, ал №1 Бас жүлде Жеңімпазы №1 Бас жүлдені әрі қарай алу/пайдалану құқығынан айырылады:
•Жеңімпаздың осы Ережелердің 3.5 және 11.13 тармақтарында қарастырылған №1 Бас жүлдені пайдалану мерзімін бұзуы;
•Егер Жеңімпаз Ұйымдастырушының қатысы жоқ себептер бойынша №1 Бас жүлдені пайдаланып, осы Ережелердің 3.5 және 11.14 тармақтарында қарастырылған мерзімде сапарға шықпаса / немесе басталған сапарды тоқтатуға мәжбүр болса;
•Болу елінің уәкілетті органдарының Жеңімпазға және (немесе) оған ілесіп жүретін тұлғаға виза беруден бас тартуы;
• Валютаны және кеден бақылауының ережелерін бұзғаны үшін шекара және (немесе) кеден қызметкерлерінің бағдардан алып тастауы;
•Қазақстан Республикасы мен болу елінің мемлекеттік шекарасынан өткізуден немесе Қазақстан Республикасының / болу елінің заңнама нормаларын бұзған жағдайда санкция қолдану, кесіп өту шаралары үшін бас тартуы.
•Авиасапарға кешіккен жағдайда (халықаралық сапарларды тіркеу авиабилетте көрсетілген ұшу уақытына дейін 3 сағат бұрын басталады);
•Еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайларының әрекеттеріне қарай.
11.17. Жеңімпаздың Акцияның №2 және №3 Бас жүлделерін алуына байланысты туындайтын жеке табыс салығын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Ұйымдастырушы салық агенті ретінде өз бетімен төлейді.
11.18. Жеңімпаздың Акцияның №1 Бас жүлдесін алуына байланысты туындайтын жеке табыс салығын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Тапсырыс беруші салық агенті ретінде өз бетімен төлейді.
11.19. Жеңімпаздың Жүлдені алуына, иеленуіне байланысты туындайтын өзге төлемдерді, алымдарды, Қазақстан Республикасының немесе өзге елдердің бюджетіне төленетін салықтарды, комиссияларды және басқа қосымша төлемдерді Жеңімпаз өз бетімен төлейді.
11.20. Акция Жеңімпаздарының Жүлдені алуына байланысты туындаған кез келген шығындарын, залалдарын Ұйымдастырушы және (немесе) Тапсырыс беруші өтеп бермейді. Ұйымдастырушы Акция Қатысушыларына жүлделерді алу орнына дейінгі жолдарына байланысты шығындарды төлемейді.
11.21. Акция Жеңімпаздары талап етпеген барлық Бас жүлдені, алудан бас тартқан Бас Жүлделерді Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өз қалауы бойынша пайдаланады.
11.22. Акция Қатысушылары/Жеңімпаздары барлық Акция Жүлделерін қайта талап ете алмайды, ақшалай және (немесе) басқа өтемақы берілмейді.
11.23. Акция Қатысушыларының/Жеңімпаздарының қалауы бойынша Акция Жүлделері жүлделердің басқа түрлеріне ауыстырылмайды.
11.24. Акция Жүлделерінің ақшалай баламасы төленбейді.
11.25. Жеңімпаздың Акция Жүлдесін басқа тұлғаларға беруіне рұқсат етілмейді.
11.26. Акция Жүлделерін алғанға дейін кез келген әрекеттер, операциялар, мәмілелер жасауға рұқсат етілмейді, мұндағы Акция Жүлделерін немесе оларды алу құқығы келісім заты, төлем құралы немесе кепіл заты болып табылады.
11.27. Егер Қатысушының Кодты тіркеген ұялы телефон нөмірі (Ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірі) заңды тұлғаға, басқа жеке тұлғаға тіркелсе (Қатысушының тіркеу деректері мен ұялы телефон нөмірі иесінің деректері сәйкес келмеген жағдайда), Ұйымдастырушының қатысушыға Акция Жүлдесін(-лерін) беруден бас тарту немесе беруді кейінге қалдыру (жүлделерді бермеудің тиісті себептерін жойғанға дейін) құқығын өзіне қалдыратынына келіседі.
11.28. Алаяқтық анықталған жағдайда, Ұйымдастырушы Акция Жүлделерін бермейді: Кодты тіркеген кезде алаяқтық жасау, Компьютерлік бағдарламаның жұмысын бұзуға әрекет жасау, өзі туралы анық емес деректер беру немесе жалған құжаттар беру және өзге де бұзушылықтар жасау. Қатысушының Акцияға қатысу нәтижелерін бұрмалауға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламаны немесе скрипттерді пайдаланатынына күдіктенген жағдайда, Қатысушы автоматты түрде Акция шарттарын бұзды болып есептеледі және оған қосымша хабарланбастан және себептері түсіндірілместен оның Бірегей нөмірі Акцияның соңына дейін бұғатталады.
11.29. Мәліметтердің шындыққа сәйкес келмеуі және/немесе Акция қатысушысының осы Ережелерде қарастырылған шарттарды орындамауының басқа фактісі анықталған жағдайда, Ұйымдастырушы қалауы бойынша Акция Қатысушысына шегерімді және/немесе Бас жүлдені беруден бас тартуға құқылы.

 

12.  ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕР

12.1. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, нақты, өзекті (анық) жеке деректерді көрсетуге міндетті, сондай-ақ өз еркімен және өз мүддесімен әрекет ете отырып, Қатысушының берген жеке деректерін Ұйымдастырушының төмендегі өңдеуіне, соның ішінде: жинауына, бір жүйеге келтіруіне, жинақтауына, сақтауына, анықтауына (жаңартуына, өзгертуіне), шығарып алуына, пайдалануына, таратуына, иесіздендіруіне, бұғаттауына, жоюына, сондай-ақ ҚР 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңында (әрі қарай – «ҚР заңы») қарастырылған ережелерге сәйкес Қатысушының жеке деректерін трансшекаралық беруіне өз келісімін береді. Қатысушы көрсетілген келісімді Ұйымдастырушымен қатар Тапсырыс берушіге және Акцияның Техникалық және өзге серіктестеріне береді және кез келген уақытта Қатысушы Акция Ұйымдастырушысының [email protected]  электрондық адресіне хабарлама жіберу арқылы берген келісімін қайтарып ала алады.  
12.2. Акция Қатысушылары осы Акцияның, «Total» өнімінің имиджін/өніміне қызығушылық таныту және оны қолдау мақсатында осы Ережелердің 3.1-т. көрсетілген Акцияның өткізілу күнінен бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге жеке деректерді өңдеуге келісім береді
12.3. Ұйымдастырушы, Тапсырыс беруші, Акцияның Техникалық және өзге серіктестері, сондай-ақ олардың уәкілеттік еткен тұлғалары деректерді өңдеудің автоматтандырылған құралдарын қолдана отырып Қатысушылар берген жеке деректерді өңдейтін болады.
12.4. Қатысушының осы Ережелердің 12.1-тармағының аясында жеке деректерін өңдеуге берген келісімін қайтарып алу туралы хабарламасын алған жағдайда, Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші/Техникалық және өзге серіктестер және(немесе) олардың уәкілеттік еткен тұлғалары осындай Қатысушының жеке деректерін өңдеуді тоқтатады және қайтарып алу туралы хабарлама түскен күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жеке деректерді жояды.
Акция кезеңінде, сондай-ақ №1 Бас жүлдені пайдалану кезеңі аяқталғанға дейін Қатысушы келісімін қайтарып алу туралы хабарлама жіберген жағдайда, Қатысушының Акцияға әрі қарай қатысуы және Қатысушының Акцияның Кепілді және Бас жүлделерін алуы мүмкін емес.
Қатысушы, егер келісімін қайтарып алуы Қазақстан Республикасының заңдарына қарсы келсе, онда оны қайтарып ала алмайды.
12.5. Акция Қатысушыларының жеке деректері ҚР қолданыстағы Заңының талаптарына сәйкес осы Ережелердің 12.2-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін құпиялылық шартымен сақталады және өңделеді, содан кейін Ұйымдастырушы/Акцияның Техникалық серіктестері жеке деректерді жоюы тиіс.

 

13. ҚОСЫМША ШАРТТАР

13.1. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, осы арқылы:
13.1.1. Осы Акция Ережелерінде көрсетілген бүкіл Акция шарттарымен және ережелерімен танысқанын және келіскенін растайды;
13.1.2. Акцияға қатысқаны туралы жарнамалық сұхбаттарға, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы сұхбаттарға (әрі қарай – «БАҚ») қатысуға, сондай-ақ видео- және графикалық жарнамалық материалдар дайындау үшін түсірілім жасауға келісетінін растайды, осы үшін Ұйымдастырушы Қатысушыға қандай да бір сыйақы төлемейді.
13.1.3. Акцияны, «Total» сауда белгісін жарнамалау/анонстау мақсатында оның суреті бар фото, видеоматериалдарды, оның қатысуымен өткен сұхбатты және өзге материалдарды Ұйымдастырушының/Тапсырыс берушінің/Акцияның Техникалық және өзге серіктестерінің пайдалануына келісетінін растайды, ол үшін Қатысушыға сыйақы төленбейді. Қатысушы Ұйымдастырушыға/Тапсырыс берушіге осындай материалдарды пайдалану құқығын эфирге беру, көпшілікке көрсету арқылы, сондай-ақ Акция мен оның нәтижелерін, сондай-ақ «Total» сауда белгісін жұрт алдында жарнамалау/ананостау мақсатында өзге жай авторлық құқықтарын береді;
13.1.4. Қатысушыға қатысты материалдарды БАҚ-да орналастырмас бұрын оларды Қатысушының алдын ала келісімінсіз редакциялау құқығын Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өзіне қалдырады.
13.1.5. Тапсырыс берушінің/Ұйымдастырушының және(немесе) олар қатыстырған тұлғалардың Қатысушыға Ережелердің 12.2-тармағында белгіленген кезеңінде Тапсырыс берушінің жарнамалық және(немесе) ақпараттық материалдарын жіберуіне берген келісімін растайды.
13.2. Акция Қатысушысының деректерді қолдан жасайтынына немесе Акцияға қатысу үшін қажетті деректерді қолдан жасаудан пайда алатынына дәлелді күдік туындаса, төмендегі әрекеттерді қоса, алайда онымен шектелместен, Акция Ұйымдастырушысы/Акцияға Тапсырыс беруші жеке қалауы бойынша, Қатысушыларға себебін түсіндірместен және олармен қатынасхаттар, ауызша келіссөздер жүргізбестен Акция Қатысушыларының кез келген әрекеттерін жарамсыз деп тануға, сондай-ақ кез келген осындай тұлғаның әрі қарай Акцияға қатысуына тыйым салуға, Кепілді және Бас жүлделерді беруден бас тартуға құқылы:
•Егер Ұйымдастырушы Қатысушының Кодтарды тіркеу/Акция Жүлделерін алу кезінде көрсеткен ақпаратының қате, толық емес, жалған немесе нақты емес екеніне күдіктенсе;
•Егер Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші қатысушының алаяқтық әрекеттер жасайтынына, соның ішінде әртүрлі ұялы телефон нөмірлерінен Кодтарды көп мәрте тіркегеніне күдіктенсе/күдіктенуге негіз болса;
•Егер Қатысушы осы Акция Ережелерін бұза отырып, әрекет етсе.
13.3. Ұйымдастырушы да, Тапсырыс беруші де төмендегі жағдайлар үшін жауап бермейді:
•Қатысушылардың Акцияға қатысуға және Акция Жүлделерін алуға байланысты міндеттерді орындамауы (уақтылы орындамауы);
•Қатысушылардың Акцияны өткізу Ережелерімен және оған қатысу шарттарымен таныспауы, сондай-ақ Акцияның өткізілу нәтижелерімен таныспауы;
•Акцияны өткізу кезінде пайдаланылатын пошта қызметінің, байланысты ұйымдастыру кінәсінен, байланыс арналарындағы техникалық мәселелер нәтижесінде қатысушылардан хат алмауы, қоңыраулардың түспеуі, sms және/немесе электрондық хабарламалар алмауы;
•Қатысушылардан Акция Жүлделерін алу үшін қажетті құжаттарды және/немесе мәліметтерді алмауы (уақтылы алмауы);
•Қатысушылардан Акцияны өткізу және оларға Акция Жүлделерін беру мақсатына қажетті толық емес және/немесе қате байланыс және/немесе өзге мәліметтерді алуы;
•Акция Ұйымдастырушысының/Техникалық серіктестердің кінәсінен туындамаған ұялы байланыс операторларының техникалық ақаулары, профилактикалық жұмыстары және т. б.
13.4. Акциялық стикердің, ұялы телефон нөмірінің сол немесе өзге тұлғаға тиесілі екендігі туралы, Қатысушылардың және (немесе) үшінші тұлғалардың авторлық және өзге құқықтарын бұзуы туралы даулар туындаған жағдайда, Ұйымдастырушы да, Тапсырыс беруші де дауға кіріспейді. Барлық осындай даулар шиеленіс тараптары арасында өз бетімен немесе өз есебінен шешіледі.
13.5. Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші Акцияның өткізілу шарттарын өз бетімен өзгертуге құқылы. Мұндай өзгертулер осы Ережелердің 5.3-т. көрсетілген мерзімде Сайтта жариялануы тиіс. Өзгертулер Акцияға қатысатын сауда нүктелерінде қосымша анонсталуы мүмкін.
13.6. Осы Акция Ережелерінде қарастырылмаған жағдайлардың бәрінде Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші/Акцияның Техникалық және өзге серіктестері, Акция Қатысушылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.