Skip to content

13/07/2018 News

Total QUARTZ автосервисі енді Қырғызстанда!

Бір жыл бұрын «TotalEnergies Marketing Kazakhstan» компаниясы аймақтағы алғашқы «Жедел май алмастыру» TotalEnergies фирмалық қызмет орталығын таныстырды. 2018 жылы 9 шілдеде Бішкекте Total Quartz кешенді автосервисі өз есігін ашты. Жоба жергілікті дистрибьютормен - «Юмат и Ко» фирмасымен ынтымақтастық арқасында жүзеге асырылды.

 

Қазіргі заманғы автосервис орталығында кез-келген көлік иелері қызметтердің толық спектрін ала алады. Май мен басқа да сұйықтықтарды жылдам ауыстыру, барлық авто жүйелерді диагностикалау, қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды сатып алу, техникалық қызмет көрсету, кәсіби кеңес беру және тағы басқалар. Біздің мамандарымыз «TotalEnergies» брендінің еуропалық стандарттарға сәйкес келетін ең жақсы жабдықтармен жұмыс істейді. Біздің мотор майларымыздың бүкіл өнімі Франция мен Бельгияның зауыттарынан тікелей жеткізіледі.