Skip to content

02/09/2020 News

ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛҒАН ЖАҢА СЕРПІНДІ ҚАПТАМА ЖӘНЕ БІРЕГЕЙ ӨНІМ

 

 

 

Жүргізілген ауқымды зерттеулердің және клиенттердің пікірлерінің негізінде TOTAL QUARTZ мотор майы енді инновациялық, серпінді және эргономикалық дизайнды бөтелкелерде, сондай-ақ кеңейтілген заттаңбалармен, қауіпсіздіктің жақсартылған атқарымдарымен және көптеген басқа қасиеттермен жеткізілетінін мақтана хабарлаймыз.

TOTAL QUARTZ жаңа және жақсартылған майы автокөлікке үздік күтім жасауды, оны қорғауды және тазалықты қамтамасыз ететін үш озық технологиялық жетілдірумен айрықшаланатын премиум-класты мотор майы болып табылады. Сонымен қатар, бұл атқарымдар сіздің көлікке техникалық қызмет көрсетуге жұмсайтын шығындарыңызды азайтады және отынды үнемдеуді жақсартады!

 

 

 

 

КАНИСТРДІҢ АНАҒҰРЛЫМ ҚАУІПСІЗ, АНАҒҰРЛЫМ ИКЕМДІ ДИЗАЙНЫ

TOTAL QUARTZ мотор майы енді серпінді, заманауи және қауіпсіз канистрде шығарылады, оған жақсартылған тығыздамаға арналған сақиналы қабығы бар ішпек және дәл құюға арналған икемді саптама сияқты жетілдірулер кіреді.

 

 

 

 

ЗАТТАҢБАҒА АРНАЛҒАН АСПАПТАРДЫҢ ПАНЕЛІНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

TOTAL QUARTZ мотор майының жаңа маркалары көлік айдаудың заманауи әсерлеріне негізделген және мотор майының аса бағалы құрамдастары туралы сізге барынша түсіндіру үшін және шолу жасау үшін әзірленді

 

 

 

 

ӨНІМНІҢ ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ АТАУЛАРЫ МЕН ДИАПАЗОНЫ

 

Біздің өнімдердің оңтайландырылған жаңа желісі сіздерге мотор майлары туралы толығырақ түсінік береді және бірнеше форматта қолжетімді, енді өз автокөлігіңіз үшін үздік мотор майын таңдау оңайырақ.

 

 

 

ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІН ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН ECO SCIENCE ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Осы озық технология сіздің қозғалтқышыңызға физикалық және химиялық ыдырауға қарсы тұруға және өндіргіштігін барынша арттыруға көмектеседі. Сондықтан TOTAL QUARTZ – отынды үнемдеуге арналған үздік мотор майы!

 

 

 

 

AGE RESISTANCE TECHNOLOGY – ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ТОЗУДАН ҚОРҒАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

 

Гиперактивті молекулалардың және тозуға қарсы қоспалардың бірегей үйлесімінің арқасында осы синтетикалық мотор майы экстремалды температуралар кезінде де қозғалтқыштарды тозудан, қажалудан және майдың тотығуынан қорғайды.

 

 

 

CLEAN-SHIELD ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ҰЗАҚ УАҚЫТ ТАЗА КҮЙІНДЕ САҚТАЙДЫ

 

TOTAL QUARTZ мотор майының құрамында жетілдірілген жуғыш молекулалар бар, олар сіздің қозғалтқышыңыздағы ластануды, шаңды және күлді аулап, тұнбаның түзілуіне жол бермейді, осылайша тазалықты қамтамасыз етеді және ұзақ мерзімді келешекте техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды азайтады.

 

 

 

 

 

ҚАПТАМАНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН КОМПОНЕНТТЕРІ

 

ӨНІМДІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Нарық сегменті
  • Майдың типі
  • Артықшылықтары

ӨНІМНІҢ СЕРИЯСЫ

 

 

QR КОДЫ

 

 

ТҰТҚЫРЛЫҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

 

 

ӨНІМНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

 

 

ҮЗДІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ

TotalEnergies компаниясы 50 жылдан астам уақыт бойы премиум-класты мотор майларын әлемдік жетекші өндіруші болып табылады. Біздің зерттеулер мен әзірлемелер жөніндегі озық бөліміміз сіздің тәжірибеңізді жақсарту үшін және сізге үздік өнімдерді ұсыну үшін үздіксіз жұмыс жасауда, сондықтан сізге көлік айдауды барынша жайлы ететін, қозғалтқышқа қиындықсыз қызмет көрсетуді және керемет өндіргіштікті қамтамасыз ететін озық технологиялардың көмегімен біз TOTAL QUARTZ өнімінің желісін жаңарттық!