Skip to content

01/09/2020 News

ЖАҢА TOTAL QUARTZ МОТОР МАЙЫН ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗ!

ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР МЕН СІЗДІҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН ҮЗДІК МАЙ!

СІЗГЕ АРНАЛҒАН ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛАР!  

Таңқалдырарлық технологиялар қолданылған  синтетикалық мотор майы.

Біздің жоғары сапалы мотор майларымыздың жаңартылған желісі сізге үздік қорғанысты, жаңа қызықты атқарымдарды және оңтайландырылған қаптаманы, яғни барлық талаптарға сай келетін премиум-класты мотор майын ұсынады!

 

 

 

ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАПТАМА

Кеңейтілген пайдаланушылық тәжірибеге арналған эргономикалық қаптама.

TOTAL QUARTZ мотор майы енді жаңа жақсартылған қаптамада жеткізіледі, сонымен қатар, түс стратегиясы мен құрылымдық ерекшеліктері жақсартылған, форматтарының спектрі кең, жаңа динамикалық дизайнды канистрде жеткізіледі.

 

 

 

КЕРЕМЕТ ТИІМДІЛІК ПЕН ҚОРҒАНЫС

Автокөлікке премиум-класты күтім жасау, қозғалтқышты қорғау және тазарту.

Жоғары сапалы жаңа TOTAL QUARTZ топтамасы – отынды үнемдеуге және автокөліктің қозғалтқышын қорғауға арналған үздік мотор майы. Оның тартымды жаңа атқарымдары мен оңтайландырылуы қаражатты айтарлықтай үнемдейді!

 

 

 

3 ЖАҢА ЖЕЛІ - СЕНІМ АРТУДЫҢ 3 СЕБЕБІ!

Инновациялар нарығындағы 50 жылдан артық жетекші тәжірибеге сүйене отырып, TotalEnergies майларының жаңа әрі жақсартылған желісі сізге 3 жоғары сапалы мотор майын ұсынады, олар анықталған бірнеше мәселелерді шешеді және қарқынды әрі уақтылы жетілдіруді ұсынады. Ең озық технологиялық жаңартулардан бастап, өнімнің оңтайландырылған номенклатурасымен, жақсартылған таңбаламасымен және жақсартылған эргономикалығымен аяқтай отырып, әрбір жаңа атқарым тапсырыс берушінің кез-келген талаптарын қанағаттандыру үшін инновациялар мен қолайлықты үйлестіреді. Жалпы, осы премиум-класты мотор майы сіздің автокөлігіңіздің қозғалтқышына барлық ұзақ мерзімді қиындықтардан өтуге мүмкіндік береді, бұл ретте қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін ұзартады, оның жұмыс сипаттамаларын жақсартады және қорғанысын арттырады.

 

ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ ҮШІН ЖАҚСАРТЫЛҒАН ДИЗАЙН МЕН ҚАПТАМА

 

TOTAL QUARTZ мотор майы жаңа әрі әсерлі қаптамада жеткізіледі, оған бірнеше инновациялық драйвер кіреді, олардың негізгі мақсаты болып пайдаланушымен өзара әрекеттесуді жақсарту, қолдан жасауды барынша азайту, жылыстауларды болдырмау, канистрдің деформациялануына жол бермеу табылады, сондай-ақ өнімнің барлық сұрыптамасын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Жаңа түс стратегиясы сізге бастапқы, ортаңғы және жоғарғы деңгейдегі өнімдерді бірден сәйкестендіруге мүмкіндік береді, ал өлшемі ұлғайтылған заттаңбада ақпарат көбірек келтірілген, бұл сізге үздік таңдау жасауға көмектеседі. Біздің канистрлеріміздің жақсартылған эргономикалық сипаттамалары бар, олар жылыстауларға жол бермейді, мөлшерлеуді жақсартады және өңдеу мен тасымалдауды жеңілдетеді.  

Мәселе сіздің автокөлігіңізге қатысты болған кезде біздің мақсатымыз – үздік шешім ұсыну. Сондықтан тиімділік пен инновациялардың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін біздің мотор майларымыздың сұрыптамасы толық жаңартылды. TotalEnergies мотор майымен бірге сіздің күнделікті өміріңіз үшін өндіргіштік жаңа тұрғыдан айқындалады.

 

ОТЫНДЫ ҮНЕМДЕУГЕ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК МОТОР МАЙЫ

Біздің инновацияларға ұмтылуымыздың символына айналған TOTAL QUARTZ мотор майының аса жаңа атқарымдары бар, олар автокөліктің қозғалтқышын қорғап, тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай-ақ отынды пайдалану тиімділігін арттырады, техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды азайтады және өндіргіштікті арттырады.  TOTAL QUARTZ компаниясының Eco-Science технологиясы қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін ұзартады, сонымен қатар физикалық және химиялық ыдырауға қарсы тұрады. Age-Resistance технологиясы үйкелу мен қажалуға жол бермей, ерекше қорғанысты қамтамасыз етеді, жылудың сейілуін арттырады және азырақ қызмет көрсетуді талап етеді. Соңғы және аса маңызды жайт: Clean-Shield технологиясы лас бөлшектерді аулау және оқшаулау арқылы автокөлігіңіздің қозғалтқышын ұзақ уақыт бойы өте таза күйде болуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

БІЗ СІЗДІҢ МОТОЦИКЛІҢІЗГЕ КҮТІМ ЖАСАЙМЫЗ, АЛ СІЗ МОТОЦИКЛ АЙДАУДАН ЛӘЗЗАТТАНАСЫЗ

TOTAL HI-PERF брендімен бірге премиум-класты мотор майын таңдау бұрынғыдан гөрі оңайланды. Кез-келген ауа-райында ұзақ уақыт қорғау арқылы қозғалтқыштың оңтайлы жұмысын қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген мотор майы енді жаңа заттаңба жабыстырылған инновациялық дизайнда қолжетімді, бұл сізге өз мотоцикліңіз үшін анағұрлым сай келетін мотор майын таңдауға көмектеседі.

Біздің басты мақсатымыз: адамдардың алға қарай ілгерілеуіне септігімзді тигізу. Сәйкесінше, TOTAL HI-PERF бренді клиенттердің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасап шығарылды. TOTAL HI-PERF топтамасы аса жаңа технологиялармен қамтылды. Батыл зерттеулер мен зерттемелердің ұзақ жүргізілуінің арқасында ол мотоциклдерді өндірушілердің ең талғампаз қажеттіліктерінен де асып түседі.

 

 

 

TOTAL RUBIA МОТОР МАЙЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫҢЫЗҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЕТЕДІ

TOTAL RUBIA өнімін ауыр көлік құралдарының ірі өндірушілері (OEM) 200 реттен артық тексеріп, мақұлдады.

Осы рұқсаттар TOTAL RUBIA өнімі тиісті өндірушілердің қозғалтқыштарының технологияларымен 100%-ға үйлесетінін растайтын кепілдік сертификаттары болып табылады. Ауыр көлік құралдарын өндірушілердің күрделі әрі ең қатал техникалық талаптарына сәйкес келу үшін өнім аталған өндірушілермен тығыз ынтымақтастықта әзірленеді.

Ауыр көлік құралдарының паркін сынау (тестілеу) барысында шынайы жағдайларда сыналған премиум-класты TOTAL RUBIA мотор майларының желісінің арқасында TotalEnergies өнімі операциялық тиімділікті арттырады және тұтынушылардың жан тыныштығын қамтамасыз етеді!

 

 

 

КЕРЕМЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР

TotalEnergies компаниясы 50 жылдан астам уақыт бойы премиум-класты мотор майларының әлемдік жетекші өндірушісі болып табылады. Зерттеулер мен зерттемелер жүргізетін біздің озық бөліміміз сіздің тәжірибеңізді жақсарту үшін және сізге үздік өнімдерді ұсыну үшін үзбестен жұмыс атқаруда, сондықтан біз озық технологиялардың көмегімен өзіміздің TOTAL QUARTZ желімізді жаңарттық, соның арқасында сіз үшін көлік айдаған кезде барынша жайлылық, қозғалтқышқа еш қиындықсыз қызмет көрсету және керемет өндіргіштік қамтамасыз етіледі!