Skip to content

08/11/2016 News

Ғылыми зерттеулер мен патенттер

 

TotalEnergies сіздің автокөлігіңіздің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін көп ресурс пен қажыр-қайрат жұмсайды. 

Әлемнің ең үздік топ-5 мұнай-газ компаниясының қатарына ену және күн энергетикасы саласындағы көшбасшы атану кездейсоқ жолмен мүмкін емес. Әңгіме энергетикалық тиімділік пен өнімдердің экологиялық болуын оңтайландыру үшін жыл сайын зерттеулер мен зерттемелерге 1 млрд еуро көлемінде қаржы жұмсайтын TotalEnergies компаниясы туралы болып отыр. Бұл қаржы компания пайдасының 10%-ын құрайды. 

Ресурстардың бұлай бөлінуі бекер емес. Өндірістік процестердің жетілуі өнімнің жақсаруына алып келеді, ал компанияның өзі нарықтағы көшбасшы орындарға ие болады. 

Бұл сізге қалай ықпал етеді? 

Таң қалуыңыз мүмкін, бірақ мұның бәрінен ұтатын сіз! Себебі тұтынушыға жететін өнім шын мәнінде жетілген, жақсарған түрде әзірленеді. 

Осы инвестициялық стратегияның арқасында тамаша сападағы мотор майлары мен өзге де химиялық материалдар өмірге келді. Бұл – автокөлік иелері үшін де, механиктер үшін де тиімді ұсыныс. Мұндай позиция автокөлік өндірушілерімен де жақсы қарым-қатынас ұстап, сіздердің сұраныстарыңызды бұрынғыдан да жақсы деңгейде қанағаттандыру үшін олармен жаңа келісімдер бекітуге мүмкіндік береді. 

Патенттер

Біз инвестицияларды TotalEnergies компаниясына тиесілі болатын алдыңғы қатарлы технологиялар мен интеллектуалды меншікке, яғни патенттерге конвертациялаймыз. 2015 жылы 50 техникалық жетістік патенттелді, ал 2016 жылы 10 патент тіркелді. 

Патенттер не үшін қажет? 

Заманауи өнімдерді дайындау кезінде TotalEnergies бірегей технологиялары пайдаланылады. Low-SAP майлары (сульфат күлінің, фосфордың және күкірттің төмен деңгейде болуы), жанармайды жоғары деңгейде үнемдейтін май материалдары және биолубриканттар – мұның бәрі патенттелген өнімдердің нәтижелері. 

TotalEnergies компаниясы Aston Martin, PSA Peugeot-Citroen, Renault, Nissan, Mazda, DAF, Scania, Volvo Trucks, Toyota, Suzuki, Kawasaki, Dacia, Kia, Great Wall Motors, Claas, Hitachi және Tata секілді автоөндіріс алыптарымен серіктестік байланыс туралы келісімдер бекітті. Сонымен қатар «Формула-1», ралли-кросс, раллиден әлем чемпионаты секілді түрлі жарыстардағы көптеген жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. 

Бірегейлігімізді нығайту 

Осыған дейін айтып өткеніміздей, 2015 жылы жүзеге асқан инвестициялар компанияның 50 патентінің тіркелуіне алып келді. Бұл TotalEnergies-дың аталған жаңалықтардың иесі екенін және патенттерді жаңа өнімдер шығаруға пайдалана алатын жалғыз субъект екенін білдіреді. TotalEnergiesжыл сайын аталған патенттерді қолдануға арналған лицензиялық келісімдердің көмегімен 1 млн еуродан астам қаражат табады. 

Технологиялар қалай патенттеледі? 

Біз жаңа зерттемелерді бақылап отыру үшін түрлі университеттер және компаниялармен 80-нен астам келісім бекіттік. Сонымен қатар аталған салада 200-ден астам шартқа қол қойылды. Қатысушы барлық тараптар автокөлігіңіздегі қозғалтқыштар мен беріліс қораптарына арналған өнімнің тиімділігін бағалауда көмектесетін тестерді өткізу үшін алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталған.

Біз компанияның болашағын қамтамасыз етуде зерттеулер мен зерттемелерге салынатын инвестициялардың шешуші рөл атқаратынын түсінеміз. Бұл инвестициялар заманауи технологиялар тудырады. Мәселен, май материалдарын алып қарасақ, бұл жайт автокөлігіңіздегі қозғалтқыштың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 

TotalEnergies өзін уақыт көшінен қалмайтын және тұтынушылар алдына қойып отырған мәселелерді шешуде алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын көшбасшы компания деп санайды. Автокөлік иесі болсаңыз да, қызмет көрсететін механик болсаңыз да, біз сізге өнімдерімізді қолдануда барынша жоғары деңгейде артықшылық ұсынғымыз келеді.