Skip to content

Жанармай үнемдеуші жағармайлар

Жанармайды азырақ жұмсау, ауаға CO2 аз мөлшерде бөлу, қозғалтқышты барынша жақсы қорғау, қозғалтқыштың азырақ тозуы… TotalEnergies компаниясы өз клиенттеріне көлік құралдары мен қондырғыларының өнімділігін жоғарылатуға және қоршаған ортаға зиянды әсер мен пайдалану шығындарын азайтуға көмектесу үшін жанармай үнемдеуші жағармайлар жасап шығарды. Жанармай үнемдеуші жағармайлар үнемдеу мен экологияның өзара тығыз байланысын қамтамасыз етеді.

Жанармай үнемдеуші жағармайлар деген не?

Жанармай үнемдеші жағармайлардың кәдімгі майлармен салыстырғанда жанармайды үнемдеуді қамтамасыз ететін арнайы формуласы бар және олар қозғалтқыш өнімділігінің деңгейін төмендетпейді. Осындай сипаттамалар негізінен мотор майларында болады, бірақ ол қасиеттер берілістер қораптарына, белдемдерге арналған трансмиссиялық майларда да болуы мүмкін.

TotalEnergies компаниясының жанармай үнемдеші жағармайларын пайдалану қаржыны үнемдейді және қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Жанармай үнемдеші жағармайлар қозғалтқышыңыздың өнімділігін жақсарта отырып, жағармайдың жұмсалуын едәуір азайтады, ақшаңызды үнемдейді және ауаға бөлінетін зиянды газдардың мөлшерін азайтады. Жанармай үнемдеші жағармайлар – TotalEnergies Ecosolutions бағадарламасының тек бір ғана бөлігі.

Жанармай үнемдеуші жағармайларды қолдану

TotalEnergies компаниясының жанармай үнемдеші жағармайларының сан-алуан түрлері көлік құралдарының және өнеркәсіптік қондырғылардың көптеген түрлерінде пайдалануға жарамды.

Жеңіл автомобильдерге арналған жанармай үнемдеуші жағармайлар

Жанармай үнемдеші жағармайларды пайдалану жүрілген жолдың әрбір шақырымына бөлінетін ластағыш заттардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Олар көлік құралдарының ауаға газ шығару жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және қозғалтқышты таза ұстап, тозудан қорғап, оның қызмет мерзімін ұзартады.

Жеңіл автомобиліңіз үшін жанармайдың үнемделуін есептеңіз

Жол талғамайтын көліктерге және құрылыс техникасына арналған жанармай үнемдеуші жағармайлар

TotalEnergies компаниясы – жанармайды үнемдеуге арналған өнімдер саласының көшбасшысы, ол жер қазатын қондырғылар үшін жанармай үнемдеудің әмбебап тұжырымдамасын ұсынатын бірден бір компания. Осы саладағы мамандар TP STAR тұжырымдамасының арқасында жағармайларға деген сұранысты әдетте осындай қондырғыларға қажетті 10-15 түрлі жағармаймен емес, енді бар болғаны екі түрлі жағармаймен ғана қанағаттандыра алады.

Жол талғамайтын көлігіңіз үшін жанармайдың үнемделуін есептеңіз

Ауыл шаруашылық техникаларына арналған жанармай үнемдеуші жағармайлар

TotalEnergies – ауыл шаруашылығы техникалары үшін жанармай үнемдеші жағармайлар дайындайтын санаулы компаниялардың бірі. Автомобиль өндірушілердің ең соңғы техникалық талаптарына сәйкес келетін жағармайларымыз бір машина үшін жылына 600 литрге дейін жанармай үнемдеуге және ауаға бөлінетін CO2 мөлшерін 1,6 тоннаға азайтуға көмектеседі.

Ауыл шаруашылық техникаңыз үшін жанармайдың үнемделуін есептеңіз

Жүк автокөліктеріне және автобустарға арналған жанармай үнемдеуші жағармайлар

TotalEnergies компаниясы өзінің жанармай үнемдеші жағармайларына тәуелсіз төрт ұйымнан сертификаттар алған санаулы компаниялардың бірі. Осы ұйымдар жанармайдың орташа үнемделуі әрбір 100 км жолға бір литр немесе 3% екенін растады.

* Сынақтар Cummins ISX қозғалтқышы, Eaton берілістер қорабы және Dana дифференциалы орнатылған автомобильдерде жүргізілді.

Жүк көтергіштігі жоғары, қиын жағдайларда пайдаланылатын автомобильдеріңіз үшін жанармайдың үнемделуін есептеңіз

Бір қадам алда

TotalEnergies компаниясы – жанармайды үнемдеуге арналған өнімдер саласының көшбасшысы. Біз жағармайлардың осы түрлерін 15 жылдан артық уақыт бойы дайындап және ұсынып келеміз. Клиенттерімізге тиімдірек жағармайларды ұсыну TotalEnergies компаниясының дәстүрлі және инновациялық қозғаушы күшіне айналды. Біз өнімдеріміздің сан-алуан түрлерін және автомобиль өндірушілер тексерген сипаттамаларын, сондай-ақ TotalEnergies EcoSolutions таңбасын мақтан тұтамыз.

Жанармай үнемдеуші жағармайлардың сапасын өндірушілер мен тұтынушылар мақұлдаған

TotalEnergies компаниясының зертханаларында дайындалған жанармай үнемдеші жағармайлар тәуелсіз зертханалардағы тестілеуден бастап ірі автопарктердегі толық ауқымды сынақтарға дейінгі жан-жақты сынақтардан өтті. Өткізілген әрбір сынақ жанармай үнемдеші жағармайлардың тамаша нәтижелерін: қозғалтқыштың өнімділігінің жоғарылағанын және қызмет мерзімінің ұзарғанын, қозғалтқыштың қорғалуының жақсарғанын, берілістер қорабының қызмет мерзімінің ұзарғынын, техникалық қызмет көрсету және пайдалану шығындарының азайғанын, жанармайдың жұмсалуы азайғанын растады.