Skip to content

13/07/2017 News

Бішкек қаласында TotalEnergies «Экспресс замена масла»

 

10 шілдеде Қырғызстанда, Бішкек қаласында өңірде бірінші TotalEnergies компаниясының «Экспресс замена масла» («Майды экспресс ауыстыру») фирмалық сервис –орталығының ашылу салтанаты болып өтті, бұл жерде кез келген маркалы автокөлік иелері майлау материалдарын ауыстыру, техникалық көмек алу, ұсақ жөндеу, қосалқы бөлшектерді ауыстыру және тағы көптеген жұмыстар бойынша жоғары сапалы әрі кешенді қызмет түрлерін пайдалана алды.

 

TotalEnergies компаниясының «Экспресс замена масла» («Майды экспресс ауыстыру») фирмалық сервис –орталығында Франция және Бельгия зауыттарында өндірілген TotalEnergies синтетикалық, жартылай синтетикалық, минералды және аз күлді қозғалтқыш майлары ұсынылатын болады. Барлық өнім жоғары жуғыш және қорғаушы қасиеттерге ие.

 

TotalEnergies компаниясының «Экспресс замена масла» («Майды экспресс ауыстыру») фирмалық сервис –орталықтарының қызметін «TotalEnergies Marketing Kazakhstan» компаниясы үйлестіреді, ол TotalEnergies компаниялар тобына кіреді.

TotalEnergies тобы – әлемдегі аса ірі мұнай-газ компанияларының бірі, ол кен орындарды әзірлеумен, мұнайды өңдеу мен синтездеудің әр түрлерін пайдалана отырып мұнай мен газды өндірумен, химиялық өнімдердің кең спектрын шығарумен айналысады. TotalEnergies энергияның экологиялық таза түрлерін: күн энергиясын және биоотынды пайдалануды белсенді түрде дамытады; жанармай үнемдеуші және биоыдыраушы өнімдер өндіреді.