Skip to content

09/06/2017 News

Құштарлық. Сапа. Кәсібилік

Дәл осы күні тура 50 жыл бұрын ең атақты мотор майы маркаларының бірі ELF пайда болған еді! Осы уақыт ішінде ол жай ғана жақсы сапасымен танылып қоймай, майлау материалдары саласында әлемдік көшбасшылардың арасында аңызға айналды. ELF маркасы жеңіске деген құштарлық, премиум-класс өнімі сапасына қол жеткізу үшін жоғары технологияларды қолдану және компания қызметіне қатысты кез келген істе кәсібилік таныту секілді құндылықтарды ұстанады.

ELF туралы бірнеше дерек келтіре кетсек:

  1. ELF маркалы өнімдер әлемнің 113 елінде сатылады.
  2. Автоспорт индустриясындағы үлкен тәжірибе ELF өнімдері сапасының негізіне айналды. ELF маркасының жетістіктері арасында «Формула-1» сериясындағы жарыстарда қол жеткізген 150-ден астам жеңіс бар.
  3. ELF – әлемнің 150 елінде бар, халықаралық мұнай ұйымы ретінде көлемі жөнінен бесінші орын алатын TotalEnergies компаниясының маркасы.

Жеке ғылыми-зерттеу жұмыстарының және әрдайым жетіліп отыруға деген құштарлығының арқасында ELF ұзақ жылдар бойы заманауи және тұрақты дамып келе жатқан марка ретінде белгілі. Үздіксіз технологиялық инновациялар мен мотор майын кәсібилікпен дайындау ELF маркасына жеңіс символы, жеңімпаз белгісі болуға мүмкіндік береді. Бүкіл әлем бойынша миллиондаған көлік жүргізушісі ELF маркасын кәсіби, өз ісінің нағыз маманы деп санайды. ELF беделге де, дарынға да, сәнге де, мәртебеге де ие. ELF өзінің басты жетістігі – тұтынушыларының сенімін бағалай алады. Дәл осы себепті ELF өнімдерінің тамаша сапасы мен пайдаланудағы жоғары көрсеткіштері – оның дамуының негізгі векторы. 2000 жылы ELF TotalEnergies концернінің ажырамас бөлігі атанды.

Осы 50 жыл бойы бізбен бірге болған жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз. Қазіргі күнмен, қол жеткізген нәтижелермен шектеліп қалмай, ары қарай дамып, гүлдене беретінімізді мәлімдейміз!